National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен кездесу өткізді

2018 жылғы 09 ақпан

Мемлекет басшысы жиын барысында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне азық-түлік бағасының тұрақтылығын бақылау және тарифтерді реттеу мәселесін назарда ұстау қажеттігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев облыстарда жылыту маусымын іркіліссіз жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Үкіметке облыстар әкімдерімен бірлесіп, көктемдегі су тасқыны қаупінің алдын алу және оны болдырмау жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Мемлекет басшысы еріген қардың суын тоғандарға жинап, оларды ауыл шаруашылығы қажеттілігіне пайдалану мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.

– Халық саны екі мыңнан асатын ауылдық елді мекендерде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі енгізілетін болады. Бұл – бюджеттің төртінші деңгейі. Жергілікті жерлерге салықтың 7 түрін жинау мүмкіндігі берілді, сондай-ақ қаражат шығысы 19 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Алдын ала жасалған талдау бойынша, ауылдық округтердің 11 пайызы ғана өздерін қамтамасыз етіп, өз кірісі есебінен шығындарын жаба алады. Сондықтан Үкімет облыстар басшыларымен бірлесе отырып, осы мәселені де бақылауға алуға тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге, Қазақстан Президенті елімізді дамыту жобалары мен бағдарламаларының маңызды сипатқа ие болып отырғанын халыққа кеңінен түсіндіру және бұл іске «Нұр Отан» партиясын тарту қажеттігін атап өтті.

Басқосу барысында Астана қаласының, Қызылорда, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдері өңірлердегі ахуал туралы баяндады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің