National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Серж Саргсянға Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

2018 жылғы 19 сәуір

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Серж Саргсянды Армения Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

«Сіздің саяси тәжірибеңіз бен кәсіби біліктілігіңіз Армения Республикасының өркендеуі мен дамуына септігін тигізетініне сенімдімін.

Қазақстан мен Армения арасында орныққан достық ниеттегі қатынастар екі ел халықтарының игілігі жолында нығая түседі деп ойлаймын.

Сізге зор денсаулық және осы жауапты қызметте жаңа табыс, ал достас Армения халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің