National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Басшылық

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Сүлейменов Тимур Мұратұлы

1978 жылғы 5 сәуірде туған.

2000 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «әлеуметтік саладағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

2002 жылы Мериленд университетін (АҚШ) тәмамдаған, «қаржы және маркетинг» мамандығы бойынша бизнес магистрі.

Ұлыбританиядағы алқабилік бухгалтерлер және аудиторлар қауымдастығының сертификатының иегері.

1999-2000 жылдары – Павлодар қаласы №3 отбасылық дәрігерлік амбулаториясының экономист-менеджері.

2002-2006 жылдары – Алматы қаласы «Эрнст энд Янг Казахстан» аудиторлық компаниясының аға консультанты.

2006-2009 жылдары – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Салық есебі және салықтық жоспарлау департаментінің директоры.

2009-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

2010-2012 жылдары – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі.

2012-2016 жылдары – Еуразиялық экономикалық комиссиясының Экономика және қаржылық саясат жөніндегі алқа мүшесі (Министр).

2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі.

2017 жылғы 31 наурыздан бастап «ҚазАгро» ұлттық холдингінің директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

2019 жылғы ақпан-наурыз – Қазақстан Республикасының Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

2019 жылғы наурыз-шілде Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2019  жылғы 22 шілде - 2022 жылғы 13 қаңтар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары

2022 жылғы 13 қаңтар күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» және басқа да медальдармен марапатталған.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2023 жылғы 06 ақпан

Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады

2023 жылғы 08 ақпан

Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады

Жарлық

2023 жылғы 03 ақпан

Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы