National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Басшылық

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Әкімжанова Маржан Әбдіюсупқызы

Әкімжанова Маржан Әбдіюсупқызы  1971 жылы 19 маусымда Алматы облысы Нарынқол ауданы Шалкөде ауылында дүниеге келді.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірді.

Әкімжанова Маржан еңбек жолын Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Механика және машинатану институтының зертханашысынан бастап, 1991-1993 жылдары шаруашылық меңгерушісі, кадр бөлімінің инспекторы; 1993-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің редакциялық-баспа қызметінің маманы; 1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті аппаратының ішкі саясат бөлімінің маманы; 1995-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Үкімет Аппаратының Аумақтық даму бөлімінің маманы; 1997-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінде аға маман, референт, аға референт, сарапшы, аға сарапшы, бас сарапшы, консультант, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2012-2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысының орынбасары болды.

2021 жылғы 4 ақпанда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Президент Әкімшілігінің «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару