Александр Владимирович СУХАНОВ
1976 жылғы 15 қыркүйекте туған.
1997 жылы Менеджмент, мәдениет және кәсіпкерлік институтын «менеджер-экономист» мамандығы, 2001 жылы «Әділет» жоғары заң мектебін «құқық» мамандығы бойынша бітірген. Астана Халықаралық университетінің «Өнеркәсіп экономикасы» бағдарламасы бойынша 2021 жылы магистратураны және 2024 жылы докторантураны аяқтады.
1997 жылдан 1997 жылға дейін медиа, талдау құрылымдарында, 2004-2012 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымдары мен орталық аппаратында түрлі қызметтер атқарған.
2012 жылы қарашадан бастап – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде ҚР Президентінің баспасөз қызметінің инспекторы, сектор меңгерушісі, Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеген.
2018 жылғы қаңтарда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен марапатталған.