Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі – Әкімшілік) Қазақстан Республикасының Президенті (бұдан әрі – Президент) құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады. Әкімшіліктің миссиясы Қазақстан Республикасының Президентінің қызметін ақпараттық-талдамалық, құқықтық, хаттамалық-ұйымдастырушылық, құжаттамалық және өзгедей қамтамасыз ету болып табылады. Әкімшіліктің негізгі міндеттері: 1) Президенттің мына салалардағы: сыртқы саясаты; әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясаттың өзге де бағыттарындағы; қорғаныс қабілеттілігі мен мемлекеттің қауіпсіздігі; құқықтық саясат, заңдылық пен құқық тәртібі; кадр саясаты; Қазақстан Республикасы Құрылтайына қатысты (бұдан әрі - Құрылтай); Қазақстан Республикасы Үкіметіне (бұдан әрі - Үкімет) қатысты; Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты; Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына қатысты; соттар мен судьяларға қатысты; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына қатысты; Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты; жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, астананың, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне қатысты және өңірлік саясат саласында; өзіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға қатысты; 2) Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің (бұдан әрі – Вице-Президент) және Президент жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) Президент айқындайтын өзге де міндеттер болып табылады. Жүктеу: «Әкімшілік туралы ереже»