National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

2015 жылғы 18 маусым

 

Отырысқа ҚР Парламенті депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері, республикалық этномәдени бірлестіктер басшылары, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н.Нұркенов, инвестициялар және даму вице-министрі С.Сәрсенов, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Н.Калашникова баяндама жасады.

Мәжіліс барысында Қазақстан халқы ассамблеясы жылының аралық қорытындылары шығарылып, Іс-шаралардың ұлттық жоспарын іске асыру және Ассамблея қызметін ақпараттық қолдау мәселелері талқыланды.   

 Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының іс-шараларын 100 нақты қадам Ұлттық  жоспарының  төртінші институционалдық реформасы – «Біртектілік және Бірліктің» «Баршаға бірдей қазіргі заманғы мемлекет» атты басымдығы аясында әрі қарай іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.    


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

2026 жылғы 06 шілде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің