National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербоны қабылдады

2019 жылғы 29 тамыз

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы арасындағы өзара ықпалдастықты, соның ішінде жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларын одан әрі ілгерілету мәселесін талқылады.

Қазақстан Президенті Лассина Зербоны «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығына» ие болуымен құттықтап, оның ядролық қарусыздану және ядролық қаруды таратпау ісіне қосқан зор үлесін атап өтті.

– Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымының абыройы арта түсті. Сіздің ұйымыңыз халықаралық аренада зор беделге ие. Біз Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымының басшысы қызметіндегі жемісті еңбегіңізге ризашылық білдіреміз, – деді Мемлекет басшысы.

Лассина Зербо Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымының жұмысына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты, сондай-ақ өзара күш жұмылдыра отырып, алдағы уақытта ядролық қарусыз әлем орнату жөніндегі мақсатқа қол жеткізетініне сенім білдірді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 06 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің