National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарниковпен кездесті

2018 жылғы 24 қаңтар

Мемлекет басшысы Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Ресей Федерациясының елшісі М.Бочарниковпен кездесті.

Нұрсұлтан Назарбаев М.Бочарниковтың Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтіп, оның Қазақстандағы дипломатиялық қызметіне ризашылық білдірді.

– Сіз Ресейдің Қазақстандағы елшісі ретінде 11 жыл қызмет атқардыңыз. Бұл жылдар ішінде Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас нығайды. Біз дипломатиялық байланыстарымыздың 25 жылдығын атап өттік. Өңіраралық ынтымақтастығымыз дамып, жоғары деңгейдегі сапарлар мен кездесулеріміз жиілей түсті. Біздің серіктестігіміз – мемлекетаралық қарым-қатынастың жарқын мысалы, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы екі елдің халықаралық аренада табысты ықпалдастық орнатқанын айтты.

– Біз халықаралық деңгейде бір-бірімізді қолдаймыз. АҚШ-қа сапарым кезінде Ресей мен Америка арасындағы қарым-қатынас мәселесіне зор мән бердім, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Михаил Бочарников екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын айтып, Қазақстанның жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісіндегі белсенді қызметіне тоқталды.

– Қазақстанда 11 жылдан астам атқарған қызметім барысында елдеріңізге деген ризашылық сезімім арта түсті. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуы және бұл органға төрағалық етуі елдеріңіздің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі маңыздылығын көрсетіп отыр, – деді Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі.

Сонымен қатар М.Бочарников екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығының нәтижелері мен алдағы перспективаларын атап өтті.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев М.Бочарниковты «Достық» орденімен марапаттады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

2026 жылғы 03 сәуір

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің