National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры Жексенбек Әділовті қабылдады

2015 жылғы 26 ақпан

 

Мемлекет басшысы оқу орнын техникалық зерттеу университетіне айналдыруға байланысты маңызды міндет тұрғанына тоқталды.

Қазақстан Президенті елді индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру үдерісінде жоғары білікті инженер мамандарға сұраныс ұлғаятынын атап өтті.

– Индустрияландыру жылдары салынған 700-ден астам нысан, сондай-ақ биыл іске қосу жоспарланған 70 шақты кәсіпорын жақсы дайындалған инженерлерді қажет етеді. Сондықтан соңғы кездері республиканың жоғары оқу орындарын дамыту және трансформациялау мәселесіне айрықша көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, қаржыландыруды ұлғайту, ғылыми-зерттеу институттарын университеттердің қарамағына беру ісі студенттерге оқу барысында ғылыммен айналысуға жағдай жасауға бағытталған. Өкінішке қарай, бүгінде түлектердің көпшілігі, тіпті ғылыми дәреже алғандары да ғылымға талпынбайды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 Ж.Әділов Алматыда ресурс үнемдеу саласындағы инновациялық кластер құру барысы туралы айтты. Сондай-ақ техника мен технология, геология және тау-кен металлургия салалардағы инновациялық жобалар туралы баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы инженерлік білім беруді дамыту саласына қатысты бірқатар міндеттер қойды.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 06 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің