National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Мұрат Бектановты қабылдады

2019 жылғы 18 сәуір

Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери дайындығының жағдайы және елімізді қорғау жоспарларын жүзеге асыру жөніндегі Бас штабтың жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қауіп тудыруы мүмкін жағдайларды талдау жұмыстарын күшейту, Қарулы Күштерді одан әрі дамытудың концептуалды жолдарын әзірлеу қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, М.Бектанов Қазақстан Президентіне осы күндері өтіп жатқан «Айбалта-2019» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығу туралы баяндады.

Соңында Мемлекет басшысы әскери саясат саласындағы мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестіру, әскери тәртіп деңгейін күшейту, сондай-ақ, өтіп жатқан оқу-жаттығу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 20 мамыр

Мемлекет басшысы «Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысына су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берілді

2024 жылғы 21 мамыр

Мемлекет басшысына су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берілді

Жарлық

2024 жылғы 17 мамыр

Н.И. Қилыбайды тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің