National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенконы қабылдады

2012 жылғы 14 қараша

 

Кездесу барысында В.Христенко Мемлекет басшысын биылғы желтоқсан айында өтетін Кеден одағына мүше үш мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Кеңестің отырысына дайындық барысы туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, кездесуде Кеден одағы жұмысының алдын ала қорытындысы мен алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер қарастырылды. В.Христенко Кеден одағына мүше елдердің макроэкономикалық дамуының сенімді динамикасын атап өтті. Мысалы, өзара сауда көлемінің өсу қарқыны сыртқы сауда көлемінің өсімінен екі есе артық. 2012 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Кеден одағына мүше елдердегі жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,5 пайыз болды.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесудің қорытындысы бойынша Кеден одағына мүше елдер арасындағы сауданы одан әрі жеделдету және экономикалық интеграцияны тереңдету жөніндегі шараларды әзірлеу туралы нақты ұсыныстарын айтты.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

2026 жылғы 04 шілде

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің