National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесу өткізді

2013 жылғы 11 сәуір

Кездесу барысында ынтымақтастықтың түрлі салаларындағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытудың жай-күйі мен перспективалары, атап айтқанда, Қазақстан-Қырғыз бірлескен инвестициялық қоры қызметінің нақты бағыттары қаралды.

Сонымен қатар, тараптар өңірдегі жағдайды, еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістер барысын, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының Бишкекте өтетін алдағы саммиті мәселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев мұндай кездесулерді өткізіп тұру қажеттігін атап өтті.

- Біз бауырлас қырғыз халқына шын пейілмен игілік тілейміз. Мен Сіздің жүргізіп отырған жұмыстарыңызды қолдаймын. Бүгінде елде жағдай тұрақты. Біз қырғыз экономикасының жоспарлы дамуына мүдделіміз. Өз тарапымыздан біз ынтымақтастықтың одан әрі нығаюы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, - деді Мемлекет басшысы.       

Өз кезегінде Қырғыз Республикасының Президенті жылы шырайлы қабылдау үшін алғысын айтты. Ол бұл кездесу бірқатар өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасуға мүмкіндік бергенін айтты. Сондай-ақ, А.Атамбаев бүгінде Қазақстан өңірдегі ең қарқынды дамушы мемлекет болып отырғанын және оның экономикалық жаңарулар саласындағы тәжірибесі Қырғыз Республикасы үшін маңызды екенін атап өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

2026 жылғы 04 шілде

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің