National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесу

2014 жылғы 24 ақпан

 

И.Тасмағамбетов елорданың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен таяу кезеңдегі перспективалары туралы хабардар етті.

Мемлекет басшысы Астана экономикасында өнеркәсіп көлемінің өсімі байқалатынын және жұмсалған қаражат қазірдің өзінде елорданың бюджетіне қайтарылып жатқанын атап өтті. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қаланың қолайлылығы мен жайлылығын арттыруға бағытталған дамыту жобаларының одан әрі іске асырылуына назар аударды.

Кездесу барысында Астана әкімі құрылыс саласындағы жұмыстың қорытындылары туралы баяндады. Атап айтқанда, 2013 жылы бір миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұдан бөлек, И.Тасмағамбетов биыл қалада үш ауысыммен оқытуды тоқтату жоспарланып отырғанын, ал 2020 жылға қарай мектепке дейінгі 100 мекеме салынатынын айтты. Сондай-ақ, өткен жылы 78 мыңға жуық адам елордаға түпкілікті қоныстану үшін көшіп келгені атап өтілді.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 08 шілде

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты

2026 жылғы 01 тамыз

Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты

Жарлық

2026 жылғы 22 шілде

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің