National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы лауазымына тағайындалған Антониу Гутерришпен кездесті

2016 жылғы 23 қараша

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев А.Гутерришті БҰҰ-ның Бас хатшысы қызметіне сайлануымен құттықтады.

Кездесу барысында тараптар біздің республиканың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігі аясындағы Қазақстан мен БҰҰ арасындағы табысты ынтымақтастықтың жалғаса беретініне сенім білдірді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев А.Гутерриштің әлемде қалыптасқан қазіргі уақыттағы күрделі геосаяси жағдайда қызмет атқаруына тура келетінін айтты.

– Бас хатшы лауазымындағы ауқымды жұмысыңыз барысында Қазақстанның қолдауына толық сенім арта аруыңызға болады, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті еліміз бен БҰҰ арасында сенімді және сындарлы қарым-қатынас орнағанына тоқталып өтті.

А.Гутерриш БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары лауазымында қызмет атқарған кезінде көрсеткен ілтипаты үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, өзара тиімді іс-қимыл одан әрі жалғаса  береді деп үміттенетінін жеткізді.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев А.Гутерришті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

2026 жылғы 03 сәуір

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің