National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-отырысына қатысуға келген «Камеко» компаниясының бас басқарушы директоры және президенті Тим Гитцельді қабылдады

2015 жылғы 03 маусым

 

Әңгіме барысында тараптар Қазақстандағы уран өндіру саласының даму перспективасын талқылады.

Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Т.Гитцельдің Кеңес жұмысына қатысатынына ризашылығын білдірді.

– «Камеко» компаниясының Қазақстандағы қызметінің тарихы қалыптасып келеді. Компания 1996 жылдан бастап Инкай кенішінде жұмыс істей бастады. Осы уақыт аралығында ол табысты жобалардың біріне айналды. Сондықтан біз Сізбен бейбіт мақсаттағы атомды игеру саласындағы ынтымақтастықты жалғастырғымыз келеді. Осыған байланысты келісімге қол қою біздің елге және сіздің корпорацияға пайдалы болады деп үміттенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Т.Гитцель өз кезегінде  «Камеко» және «Казатомөнеркәсіп» компаниялары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 06 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің