National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады

2018 жылғы 20 тамыз

Кездесу барысында Алик Шпекбаев Мемлекет басшысына бұған дейінгі берілген тапсырмалардың орындалуы және алдағы кезеңге арналған жоспарлары жөнінде баяндады.

– Бүгінде екі министрлік пен екі әкімдік базасында пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде осы мемлекеттік органдардағы қызметшілердің жалақысы екі еседен астам өсті. Бұл құзыреттілігі жоғары мамандарды жұмысқа қабылдауға мүмкіндік береді. Осы тәжірибені мемлекеттік қызметтің барлық жүйесіне тарту қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Агенттік төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды күшейтуге, көрсетілетін мемлекеттік қызметті электронды форматқа көшіруді жалғастыруға, мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақысын және мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының дербес жауапкершілігін арттыруға қатысты қабылданған шаралар жөнінде мәлімдеді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 06 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің