National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады

2014 жылғы 18 маусым

 

А.Жұмағалиев Мемлекет басшысына Агенттіктің қазіргі жұмысы, сондай-ақ отандық ақпарат кеңістігін «Ақпараттық Қазақстан-2020» Мемлекеттік бағдарламасындағы міндеттерді жүзеге асыруды ескере отырып дамыту жоспарлары туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігі мен құрылымы айқындалған Агенттіктің толыққанды қызметіне кіріскенін және оның алдына қойылған маңызды міндеттерді тиімді шешуі тиістігін атап өтті.

Агенттік төрағасы байланыс және ақпарат саласындағы ахуал, мемлекеттік БАҚ-тардың жұмысы, медиа-нарықты ынталандыру және контент сапасын арттыру шаралары турасында айтты. Сонымен қатар ол Интернет желісінің отандық сегментінің дамуы және сандық эфирлік телевидениені енгізу туралы әңгімеледі.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 06 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің