National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен кеңес өткізді

2019 жылғы 12 маусым

Мемлекет басшысы Ақордада облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді.

Қазақстан Президенті әкімдердің алдына бірқатар міндет қойды. Мемлекет басшысы ең алдымен азаматтардың құқықтары мен бостандығын, олардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

– Елімізде заң үстемдік етуі тиіс. Заң алдында билік өкілдері де, азаматтар да бірдей. Бастысы – халықпен диалог орнату. Билік халықты тыңдап, олардың талап-тілектеріне зейін қоюы керек. Шенеуніктер кабинеттерінде отырмауы керек. Тұрғындармен жұмыс істеуі керек. Әкімдер мемлекеттің саясатын азаматтарға түсіндіруі тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті әкімдердің қызметі жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталуы керек екенін айтты. Бұл әкімдер жұмысының басты көрсеткіші болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне мүше болатын азаматтарды барлық өңірден ұсыну қажет екенін айтты. Оларды іріктеу әділ болуы шарт.

Мемлекет басшысы жастар саясатына да тоқталып, ол үшін әлеуметтік лифтілер қалыптастыру қажеттігін айтты.

– Менің тапсырмам бойынша, Президенттің кадрлық резерві құрылып, оған 300 жас маман енгізіледі. Әкімдердің міндеті – резервке ең дарынды және келешегінен үміт күттіретін жас басқарушыларды іріктеу, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 07 сәуір

Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің