National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Жыл адамы" ұлттық сыйлығының лауреаты атанды

2012 жылғы 14 қараша

 

Сонымен қатар, "Мемлекеттік саясат" аталымы бойынша "Жыл адамы" атағына Ресей Федерациясының Президенті В.Путин мен Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко ие болды. Үш мемлекеттің көшбасшылары ЕурАзЭҚ пен Кеден одағын құруға қосқан үлестері үшін марапатталды.

Қазақстан Президенті Сарапшылар кеңесінің мүшелері мен лауреаттарға жолдаған жеделхатында Ұлттық сыйлықтың берілгені үшін алғысын білдірген және Кеден одағына мүше елдер көшбасшыларының жеңісі еуразиялық интеграцияның маңызды екенін тағы да көрсетіп бергенін атап өткен.

"Бұл бірлестік біздің мемлекеттеріміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына елеулі ықпал ете отырып, өзінің тиімділігі жоғары екенін іс жүзінде дәлелдеді" делінген жеделхатта.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Кеден одағының одан әрі дамуы Қазақстан, Ресей және Беларусь азаматтарының әл-ауқатының өсуіне ықпалын тигізетініне сенім білдіреді.

"Жыл адамы" ұлттық сыйлығын Орыс биографиялық институты 1993 жылы бекіткен және стратегиялық мәні бар – ғылым, мәдениет, мемлекеттік басқару, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, қайырымдылық, ағартушылық қызмет салаларындағы жетістіктері үшін беріледі.

Өткен жылғы сыйлықтың лауреаттары қатарында Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Алексий Екінші, жазушы Александр Солженицын, академик Жорес Алферов пен Лео Бокерия және өзге көрнекті қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ірі кәсіпорындар басшылары бар.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

2026 жылғы 04 шілде

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің