National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданының тұрғыны Б.Оңғарбаевтан хат келді

2012 жылғы 10 қазан

 

Автор өз хатында Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласымен танысқан адам барлық жақсылық атаулы тек еңбекпен келетінін терең түсінеді деп жазады.   

«Президент мақаласы ой мен қол еңбегінің құдіретін тағы бір рет паш ететін терең ойға жетелейді. Адамды тәрбиелейтін – еңбек. Елдің әрбір азаматы мемлекет маған не берді деп емес, мен мемлекетке не беремін деп аянбай тер төгіп, елге қызмет етуі тиіс. «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» деп айтқан Абай мен келешек кілтін ұстатқан көшбасшы мақаласының арасындағы терең мағыналы үндестік үзілмей, үмітімізді алға жетелей берсін дегім келеді» делінген хатта.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің