National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына республикалық жастар ұйымдары жетекшілерінен хат келді

2012 жылғы 20 қыркүйек

 

Хатта бүгінде елімізде Елбасының салиқалы саясатының арқасында жастардың жоғары интеллектуалдық деңгейі қалыптасқаны атап өтіледі. Сонымен қатар, олар бүгінгі таңда қазақ елінде жастар үшін барлық жағдай жасалғанына тоқталған. XXI ғасырда Қазақстанның инновациялық даму жолында жастар өздерінің бар білімі мен күш-жігерлерін салатынын айтады.

«Сіз өзіңіздің «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты интерактивті дәрісіңізде қазіргі қазақ елінің табысты дамуындағы жастардың роліне ерекше тоқталып өттіңіз. Сіздің осы дәрісіңіз және оған дейінгі жастарға арналған әрбір сөзіңіз барлық жас азаматты бей-жай қалдырмайды. Біз, республикалық жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекетіміздің гүлденуі мен көркеюі жолына барлық күш-қуатымызды жұмсайтынымызды мәлімдейміз» делінген хатта.

Авторлар хат соңында ел басшысының әр өнегелі ісінен үлгі алып, стратегиялық бағытын толықтай қолдай отырып, интеллектуалды ұлт құруда аямай қызмет ететіндіктеріне сенім білдіреді.

Ұжымдық хатқа «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты» ҚБ, ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы, «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ, «Қазақстан студенттер альянсы» РСҚ», ҚБ жетекшілері, т.б. қол қойған.       


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 26 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

2024 жылғы 06 мамыр

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Жарлық

2024 жылғы 06 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің