National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысының атына Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы Орталық музыка мектебінің оқушысы Руслан Тұрынтаевтан хат келді

2014 жылғы 08 шілде

 

9-сынып оқушысы Р.Тұрынтаев өз хатында Мемлекет басшысына ел азаматтарының тұрмысын жақсартуға бағытталған күш-жігері мен адамдарға деген қамқорлығы үшін алғысын жеткізген.

Хат иесі Мәскеуде өткен П.И.Чайковский атындағы 8-халықаралық жасөспірімдер конкурсында бірінші орын алып, лауреат атағын иеленгенін айтады.

«Әсемдіктің шыңына шығу қиын, бірақ сіз қазақстандықтар бақытты, мәнді де сәнді өмір сүруі үшін барлығын жасап келесіз. Өзімнің жетістігімді сіздің туған күніңізге арнаймын. Бұл сондай-ақ қала күніне де тартуым», – делінген хатта.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 08 шілде

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты

2026 жылғы 01 тамыз

Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты

Жарлық

2026 жылғы 22 шілде

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің