National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы «Тығырықтан жол тапқан» көркем фильмінің премьерасында болды

2014 жылғы 01 желтоқсан

 

Бұл картина бұған дейінгі «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен» және «Темір тау» фильмдерінен құралған «Елбасы жолы» киноэпопеясының  төртінші бөлімі болып саналады.

Жаңа кинотаспа бас кейіпкердің өміріндегі маңызды кезеңді – Орталық Азиядағы ірі металлургиялық кәсіпорын – Қарағанды металлургия комбинаты партия ұйымының басшысы ретінде қалыптасуы кезеңін суреттейді. Оқиғалар оның Днепродзержинскідегі оқудан кейінгі және «Қазақстан магниткасындағы» жұмысының басталған кезіндегі өмірін қамтиды. Киноэпопеяның сценарийін Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабының желісімен белгілі қазақстандық драматург-сценаристер Ш.Құсайынов, Р.Әбдірәшев және Г.Земель жазған. Онда Мемлекет басшысының әріптестерінің, достары мен үзеңгілестерінің естеліктерінен алынған эпизодтар да қолданылған. 

«Тығырықтан жол тапқан» фильмінің түсірілімі Қазақстан мен Ресейде, атап айтқанда, Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау және Мәскеу қалаларында жүргізілген.

Басты рөлде Қазақстанның жас актері Н.Әлімжанов ойнады, өзге кейіпкерлерді отандық және ресейлік актерлер сомдады, олардың қатарында В.Гафт, И.Ясулович, А.Рапопорт, Н.Арынбасарова, В.Стеклов және тағы басқалар бар.

 «Тығырықтан жол тапқан» фильмі жалпыұлттық прокатқа биылғы 4 желтоқсаннан бастап түседі. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 07 сәуір

Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті То Ламға құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің