National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Президенті он мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

2019 жылғы 03 қыркүйек

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елші міндетін қоса атқаратын бірқатар мемлекеттің дипломатиялық өкілдерінен сенім грамоталарын қабылдады. Салтанатты рәсім дәстүр бойынша «Ақорда» резиденциясында өтті.     

Елшілер Лесли Ача Опоку-Уаре (Гана Республикасы), Густаво Адольфо Лопес Кальдерон (Гватемала Республикасы), Карстен Сендергорд (Дания Корольдігі), Майк Санго (Зимбабве Республикасы), Андрей Негуца (Молдова Республикасы), Джон Мацца (Сан-Марино Республикасы), Бранко Раковец (Словения Республикасы), Рамиз Башич (Черногория), Симон Марко Мумви (Біріккен Танзания Республикасы), Манаса Такгисакибау (Фиджи Республикасы) Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсырды.

Қазақстан Президенті дипломатиялық корпус өкілдеріне арнаған сөзінде, саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға әзір екенін мәлімдеді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерге қайырымды істеріне табыс тілеп, мемлекеттерінің басшыларына сәлемін жолдады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 06 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің