National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Елбасы Ақтөбе қаласындағы ««Дәру» клиникасы» медициналық оңалту орталығына барды

2014 жылғы 23 маусым

 

Орталықты аралау барысында Мемлекет басшысы клиниканың жұмысымен танысып, онда қолданылатын жоғары технологиялық оңалту жабдықтарын көрді. Нұрсұлтан Назарбаев медициналық орталықтағы емделушілермен әңгімелесті. Олардың қатарында Елбасы өзін бала кезінен білетін 93 жастағы Е. Санжаровамен жүздесіп, естеліктерін айтты және оған денсаулық тіледі. 

Қазақстан Президенті сонымен қатар медициналық орталық ұжымының өкілдерімен және облыстың денсаулық сақтау саласы ардагерлерімен әңгімелесіп, осы саланы мемлекеттік қолдаудың ұлғайғанына тоқталды.

– Қаражат бөлініп, медициналық нысандар құрылысы жүріп жатыр, жаңа жабдықтар сатып алынуда. Бірақ ең бастысы – дәрігерлердің жоғары біліктілігі, қазір сіздер үшін оқуға, соның ішінде шетелде тағылымдамадан өтуге  барлық мүмкіндік бар. Бүкіл жұмыстың көзделген басты нәтижесі адамның өмір жасын ұзарту, ана мен бала өлімін азайту болып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Клиника қызметкерлері денсаулық сақтау мәселелеріне ұдайы көңіл бөлінетіні және мемлекеттің тиімді әлеуметтік саясаты үшін Мемлекет басшысына ризашылықтарын білдірді. 

«Дәру» клиникасы» медициналық оңалту орталығы «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдау арқылы 2013 жылғы ақпанда пайдалануға берілген. Бұл клиника амбулаториялық және стационарлық мамандандырылған қызмет көрсетеді. Қызметкерлерінің жалпы штат саны 214 адамнан тұрады.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 06 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің