National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабында болды

2014 жылғы 23 маусым

 

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе қаласында салынып жатқан осы жаңа тұрғын үй алабының құрылыс жұмыстары барысымен танысып, оның макеттік үлгісін көрді.

Бұл ретте ол құрылыс жобасын сынға алып, оны заманауи архитектуралық талаптарға сәйкестендіру қажеттігін айтты.

– Сіздерге осындай ауқымды тұрғын үй алабын салудың бірегей мүмкіндігі туып отыр, сондықтан бұл міндетке барлық жауапкершілікпен қараған жөн. Архитектуралық әралуандықты қамтамасыз етіп, ең жоғары стандарттарды  ескеру керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Нұр-Ақтөбе» тұрғын үй алабы жобасына 250 адамға есептелген 5 шағын аудан кіреді. Құрылыс жұмыстары 2012 жылы басталып, 2013 жылы жалпы ауданы 78 мың шаршы метр 1224 пәтер пайдалануға берілді. Биыл 972 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 06 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің