National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Астана қаласының көрнекті орындарын аралады

2017 жылғы 23 наурыз

Қазақстан Президенті мен елімізге мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында болып, «Қыз Жібек» операсының дайындығын көрді.

Назарбаев Университетінде болған екі елдің президенттері білім ордасының даму жоспарымен, өнеркәсіпті автоматтандыру зертханасымен, оқу орнының зерттеушілік жобаларымен танысты. Ш.Мирзиёев университеттің құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев ресми ашылған «MEGA Silk Way» сауда және ойын-сауық орталығының сауда-көрме павильондарын аралап көрді. Сондай-ақ екі ел президенттері «Cirque du Solei» әртістерінің Монте-Карлодағы халықаралық фестивалінің жеңімпаздары қойған шағын театрлық көрініс пен акробатикалық шоуды тамашалады.

Мемлекеттер басшылары қаланың көрнекті орындарын аралап көрген соң «Астана ЭКСПО-2017» көрме кешені құрылысының барысымен және оның макетімен танысты.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

2026 жылғы 03 сәуір

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің