National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Елбасы Алматы қаласының №125 балабақшасында болды

2015 жылғы 24 қараша

 

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары барысында жаңа ғимаратты аралап көріп, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту бағдарламасы аясында салынған балабақша қызметімен танысты. Мемлекет басшысына сондай-ақ қаланың әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық мақсаттағы нысандарының құрылысы туралы баяндалды.

Қазақстан Президенті мекеме ұжымымен және тәрбиеленушілердің ата-аналарымен әңгімелесу кезінде елімізде қазір мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясында әлеуметтік жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

Осындай жобалар үшін мемлекет жер береді, коммуникацияларын қамтамасыз етеді, жол салады. Ал бизнес нысанның құрылысына қаражат салуы керек.  Мемлекет пен жекеменшік сектордың ынтымақтастығы осы, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

***

Жалпы алаңы 3,5 мың шаршы метр болатын, 216 орындық балабақша мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығын азайту жобасы аясында салынған. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің