National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Елбасы Семей қаласындағы өңірлік онкологиялық диспансерде болды

2015 жылғы 08 сәуір

 

Мемлекет басшысы нысан жұмысымен танысып, жаңа медициналық құралдармен жабдықталған орынжайларды аралап көрді.

Қазақстан Президенті сондай-ақ еңбек ұжымы өкілдерімен әңгімелесіп, қаланың медициналық мекемелері қажетті емханалық және диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етіліп отырғанын айтты.

– Бұл кешенге мемлекет 7,2 миллиард теңге бөлді, соның 4 миллиарды заманауи жабдықтар алуға арналған. Бұл – ядролық медицина элементтерін қолданатын Қазақстан үшін бірегей мекеме.  Енді осы жабдықтарды халыққа кәсіби көмек көрсету үшін барынша тиімді қолдану сіздерге байланысты. Бүкіл ел бойынша денсаулық сақтау саласын дамытудың арқасында азаматтардың орташа өмір жасы соңғы он жылда 64-тен 71-ге дейін ұлғайды, – деді Мемлекет басшысы.

***

Диспансерде онкологиялық науқастарға амбулаторлық-емханалық, стационарлық және стационар алмастыру формасында мамандандырылған әрі жоғары білікті медициналық жәрдем көрсетіледі. Медициналық мекемеде 413 адам қызмет етеді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

2026 жылғы 06 шілде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің