National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы «Рубиком» ЖШС Greenwich гипермаркетінде болды

2016 жылғы 17 наурыз

 

Елбасы гипермаркеттің сауда залдарын аралап, онда қойылған отандық тауарларды, соның ішінде бөлшек сауда кәсіпорны аумағында өндірілетін өнімдерді көрді.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа өндірісте қолданылатын технологиялар мен кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде баяндалды.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті жергілікті тамақ өнімдерін өндірушілермен және облыстың шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті.

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы отандық өндірісті қолдау және Қазақстан тауарларының халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мемлекет күш-жігер  жұмсап отырғанын атап өтті.

***

Гипермаркетте 250-ден аса компанияның өнімі қойылған, соның 137-сі – қазақстандық өндірушілер болса, 45-і Павлодар қаласы мен облысының компаниялары. Гипермаркеттегі отандық өнімдердің үлесі барлық тауар ассортиментінің 60 пайызын құрайды. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 08 шілде

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты

2026 жылғы 01 тамыз

Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты

Жарлық

2026 жылғы 22 шілде

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің