National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Қазақстан Президенті Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабылдады

2017 жылғы 28 маусым

Елбасыға биылғы сәуір айында Астана қаласын дамытуға арналған кеңесте берілген тапсырмалардың орындалуы туралы есеп беріліп, қаладағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және инфрақұрылымды жақсартуға қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет ұсынылды.

Нұрсұлтан Назарбаев елорда тұрғындары санының артып келе жатқанына назар аударып, балабақшалармен және мектептермен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

– Тұрғындар саны артып келеді. Бұл ретте, көші-қон үдерісін ерекше бақылауға алу қажет. Елордада мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй беру жүйесін жөнге келтіру де маңызды, – деді Мемлекет басшысы.

Астана қаласының әкімі Қазақстан Президентіне елорданы дамытудың бірқатар экономикалық индикаторлары өскенін айтты, сондай-ақ қала тұрғындарының өмір сүруінің орташа ұзақтығы 75 жасқа жеткенін атап өтіп, әлеуметтік сала оң қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталды.

Ә.Исекешев Елбасыға аналар өлімі және өкпе ауруы деңгейінің төмендегенін айтты.

Сонымен бірге Астана қаласының әкімі «Талдыкөл» ағын су жинақтаушысы орналасқан жердің құнарлығын қалпына келтіру, жауын су ағатын кәріз жүйесін және жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіру бағытында қабылданған шаралар жөнінде есеп берді.

Нұрсұлтан Назарбаев атқарылған шаралардың нәтижелерін оң бағалап, елорданы дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

2026 жылғы 03 сәуір

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің