National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті

2020 жылғы 28 қаңтар

Қазақстан Президенті Абу Даби Әмірлігін билеуші әулеттің өкілі, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ірі бизнес өкілі, «Etihad Towers» көпфункционалды кешенінің иесі, «First Abu Dhabi Bank» акционері шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті.

Кездесуде Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның Таяу Шығыстағы сенімді серіктестерінің бірі екенін, сапар барысында Абу Дабидің тақ мұрагері, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласқандарын атап өтті.

Шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің «West Hydrocarbons Commercial Investment LLC» компаниясының Батыс Қазақстан облысында мұнай өңдеу зауытын салып жатқанын айтты. Алдағы уақытта да біздің елімізбен бірлесіп жұмыс істеуге, жаңа жобаларға инвестиция салуға ниет білдірді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

2026 жылғы 03 сәуір

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің