National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Елбасы «СИТИК Групп» корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Чан Чжэнминмен кездесті

2015 жылғы 31 тамыз

 

Кездесу барысында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстанның «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымдық дамуына компанияның қатысу мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы "СИТИК Групп" корпорациясы мен Қазақстанның жақсы ынтымақтастық тарихы бар екенін атап өтті.

Біз бірлесіп жұмыс істеген жылдары мол тәжірибе жинадық. Компания Қазақстанның нарығындағы қызметі кезінде оң нәтижелерге жетті. Қазір жаңа заман келе жатыр, жаңа жобалар мен міндеттер туындауда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Чан Чжэнмин компанияға ұзақ жылдар бойы қолдау көрсеткені және елде шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 06 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің