National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Елбасы ҚХР-дың іскер және қаржылық топтар өкілдерімен кездесті

2015 жылғы 01 қыркүйек

 

Іс-шараға «Цинхуа» корпорациясы басқармасының төрағасы Хо Цинхуа, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің көпжақты уақытша хатшылығының бас хатшысы Цзинь Лицюнь, «СИТИК Групп» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Чан Чжэнмин, Қытай мемлекеттік даму банкінің президенті Чжэн Чжицзе және Қытайдың басқа да жетекші компанияларының басшылары қатысты.

 Кездесу барысында Мемлекет басшысы мұндай кездесулер мен пікірлесулер екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін қажет екенін айтты.

Бұл сапарды Қазақстан-Қытай байланыстарындағы бетбұрысты кезең деп санаймын. Біз Қытаймен негізінен энергетика және ресурс өндіру салаларында 20 жылдан астам белсене ынтымақтасып келдік. Енді жаңа кезеңде экономиканың өңдеу, сонымен бірге машина жасау және ресурсты қайта өңдеу секторларындағы өзара іс-қимылды күшейтуге кірісеміз. Кеше ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен өткен сындарлы келіссөздер  барысында 45 бірлескен нысан ашу жөнінде уағдаластық. Соның 25-і бойынша жалпы құны 23 миллиард доллардың келісіміне қол қойылды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 08 шілде

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты

2026 жылғы 01 тамыз

Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты

Жарлық

2026 жылғы 22 шілде

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің