National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында мәдени нысандарды аралады

2016 жылғы 05 қыркүйек

Елбасы Ханчжоу қаласының бірқатар мәдени нысандарына барды.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Сиху көлінің жағасында орналасқан Лэйфэнт будда ғибадатханасы мен Ханчжоу қаласындағы мұражайды көрді.

***

Ханчжоудағы Лэйфэнт будда ғибадатханасы 977 жылы салынған, ал 1924 жылы ол толықтай қираған. Қазір ол қалпына келтіріліп, туристер үшін қайта ашылды. Лэйфэнт будда ғибадатханасы көне аңызда сипатталған жəне ертедегі романтикамен көмкерілген Сиху көлінің маңайындағы он көрікті орынның бірі.

Ханчжоу қаласының мұражайы Чжэцзян сәулет университетінің әйгілі профессоры Чжан Юйфэньнің жобасы бойынша салынған. Ол археологиялық жәдігерліктер мен мəдени құндылықтарды сақтайтын үлкен орталықтың бірі болып саналады. Экспозиция алаңы 10 залды қамтып жатыр, оның жалпы ауданы 13 000 шаршы метрден асады. Статистика бойынша, жыл сайын мұражайға 2 млн-нан астам адам келеді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

2026 жылғы 03 сәуір

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің