National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Елбасы Польша Республикасы Сенатының төрағасы Станислав Карчевскиймен кездесті

2016 жылғы 22 тамыз

Кездесу барысында екі елдің парламентаралық өзара іс-қимылының мәселелері талқыланды.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастың деңгейі жоғары екеніне тоқталып,  мемлекетаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын және сапар аясында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру үшін тиімді құқықтық орта  қалыптастыру жұмысын одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті.  

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Польша Сенатының Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Польшаның жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті. Елбасы олардың үздік оқуына тілектестік білдіріп, алған білімдерін өз елінің игілігіне пайдалануға шақырды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің