National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Ақмола облысы, Шортанды ауданы, №1 Жолымбет орта мектебін 1966 жылы бітірген түлектерден хат келді.

2012 жылғы 05 шілде

 

Олардың көпшілігі осы жылдар ішінде тағдыр жазуымен ТМД-ның басқа республикалары мен алыс шетелге шашырап кеткен. Астанаға сыныптас достарымен кездесуге келіп, Қазақстанның жаңа астанасының келбетіне таң қалғандарын айтады. «Жаңа қала бізді өзінің ерекше әсемдігімен, әдемілігімен, заманауи сәулетімен баурап алды. Қаланың өзі де, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Нұр-Астана» мешіті, «Бәйтерек» - бәрі де нұрланып, жарқырап тұр. Жүзеге асырылғандардың барлығы мұндағы кеңпейіл, жайдары, әдемі адамдардың келбетімен астасып жатқандай көрінеді. Көзбен көргенімізді бәріне айтып қана қоймай, қалаға тағы да оралып, осынау ғажайып алаңдармен, саябақтармен, ескерткіштермен таныстығымызды жалғастырып, достарымызбен және таныстарымызбен қайта араласқымыз келеді».

Хат иелері Нұрсұлтан Назарбаевқа әсем астана мен Қазақстанда бейбітшіліктің сақталып отырғаны үшін алғыс айтады:

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, еліміздің барлық табыстары – халықтың тынымсыз, орасан және жемісті жұмысы Сіздің басшылығыңызбен жүзеге асып келеді. Сізге біздің ортақ Отанымызды өркендету ісінде табыстар және зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз».


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің