Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі
Бақыт Амангелдіқызы ЕСІМОВА

1984 жылы 29 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың ауылында дүниеге келген.
Санкт-Петербург мемлекеттік инженерлік-экономикалық университетін және Калифорния университетін (АҚШ) бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан жастар конгресінде менеджері болып бастап, атқарушы директор, аппарат басшысы қызметтерін атқарды.
2007-2008 жылдары – «ССДО» АҚ экономикалық сараптама департаментінің сарапшысы;
2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кадрмен қамтамасыз ету департаменті қоғаммен байланыс басқармасының басшысы;
2010-2013 жылдары – Ақмола облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, басшысы;
2013-2015 жылдары – Ақмола облысының әкімі аппаратының басшысы;
2015-2018 жылдары – Астана қаласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы;
2018-2019 жылдары Астана қаласының қоғамдық дамыту басқармасының басшысы;
2019 жылы – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі;
2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспекторы;
2020-2022 жылдары – Қостанай облысы әкімінің орынбасары;
2022-2026 жылдары – Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2026 жылғы 10 тамызда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды
«Құрмет» орденімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.