1988 жылы 28 маусымда Талдықорған қаласында дүниеге келген.
2010 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетін тәмамдап, 2011 жылы аталған оқу орнында инженерия және технологиялар магистрі дәрежесін алған. Жапония, Австрия, АҚШ және Корея Республикасы елдерінде тағылымдамадан өткен.
2011-2016 жж. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ында талдау бағытындағы қызметтерді атқарған.
2016-2018 жж. «Қазақстан индустриялық даму институты» АҚ Стратегиялық жобалар орталығының директоры болып тағайындалды.
2018-2020 жж. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы «Әлемдік экономика және саясат институты» Корпоративтік қорының стратегиялық зерттеулер және болжау бағдарламасының жетекшісі қызметін атқарды.
2020-2023 жж. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.
2023 жылғы 11 тамызда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
2025 жылғы 2 сәуірде Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен марапатталған (2023 ж.).