National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Құрылымдық бөлімшелер

Президент Әкімшілігі Басшысының хатшылығы

​​​​​​Қазақстан Республикасы

Президент Әкімшілігі Басшысы хатшылығының меңгерушісі

Данияр Хасланұлы ҚҰСАЙЫНОВ

1977 жылғы 31 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген.

1998 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясының жанындағы Халықаралық бизнес мектебін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген, 2004 жылы Қарағанды экономикалық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қарасты Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінде «DUKE» университетінің дипломы бағдарламасының шеңберінде әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1999 жылы бастаған.

1999-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің жетекші маманы, бас маманы.

2002-2006 жылдары «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» және «Қазақстан инжиниринг» акционерлік қоғамдарында қызмет етті.

2006-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты, сектор меңгерушісі, бас инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары.

2023-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2024 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының Индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2024-2026 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының Индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің меңгерушісі.

2026 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

Мемлекеттік, мерекелік және ведомстволық наградалармен марапатталған.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару