National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Президент Әкімшілігі


Президент Әкімшілігінің құрылымы / Құрылымдық бөлімшелер

Мемлекеттік құқық бөлімі

Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі

Азамат Несіпбайұлы ЕСҚАРАЕВ

 

1979 жылғы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

2000 жылдан 2005 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде жетекші маман лауазымынан бастап басқарма басшысы лауазымына дейін қызмет етті.

2005 жылдан 2006 жылға дейін Алматы қаласы әкімдігінің бас инспекторы болды.

2006 жылдан 2007 жылға дейін «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамның Заң қызметі департаментінің бас менеджері қызметін атқарды.

2007 – 2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде түрлі басшылық лауазымдарда: Аналитика және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры және Заңнама департаментінің директоры еңбек етті.

2014 – 2023 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Заң бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2023 жылдан 2025 жылға дейін — Қазақстан Республикасының Әділет министрі.

2025 – 2026 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып, ал 2026 жылдың шілде мен қазан айлары аралығында Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы және Непалдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарған

2026 жылғы 5 қазаннан бастап — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2008), «Құрмет» орденімен (2021), өзге де ведомстволық наградалармен және мерекелік медальмен марапатталған.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 12 қазан

Мемлекет басшысы «Компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды

2026 жылғы 12 қазан

Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды

Жарлық

2026 жылғы 12 қазан

Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы