National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы боксшы Жәнібек Әлімханұлына құттықтау жеделхатын жолдады

2022 жылғы 27 тамыз

Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлын құттықтады.

Президент әлемдік деңгейде шаршы алаң шебері атанған боксшыларымыз аз емес екенін, Қазақстан бокс мектебінің абыройын асқақтатуға Жәнібек Әлімханұлының да зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

– Қажырлы еңбегіңіз бен мұқалмас ерік-жігеріңіздің арқасында қазақтың бокс стилінің үстемдігін тағы бір рет паш еттіңіз. Бұл айтулы жетістігіңіз жас өрендеріміздің спортқа, әсіресе боксқа деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Үлкен спорттағы әр қадамыңыз – олар үшін үлгі-өнеге. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, спортта толағай табыс тілеймін!, – деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтау жеделхатында. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 08 шілде

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты

2026 жылғы 01 тамыз

Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты

Жарлық

2026 жылғы 22 шілде

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің