National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Армения елінің басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

2026 жылғы 21 қыркүйек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Президент Ваагн Хачатурян мен Премьер-министр Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы армян халқының ұлттық бірлігі мен жасампаз рухын, сондай-ақ елдің халықаралық аренадағы абырой-беделін паш ететін бұл айтулы күннің тарихи маңызы зор екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетаралық ықпалдастық пен стратегиялық серіктестік одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

– Қазақ-армян ынтымақтастығы ойдағыдай өрбіп, бірлескен күш-жігердің арқасында мән-мазмұны толығып келеді. Бұл елдеріміз арасындағы достық пен стратегиялық серіктестік рухына сай. Қазақстанның Армениямен сан қырлы байланысты күшейтуге ниетті екенін растаймын, – деп жазылған жеделхатта.

Президент Армения елі басшыларына мемлекеттік қызметте толайым табыс, ал достас армян халқына бақ-береке тіледі.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің