National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

2023 жылғы 06 наурыз

Президентке жоғарғы палатаның заң шығару қызметі туралы баяндалды. Сенаттың Парламенттегі қызметі басталғаннан бері 21 заң мақұлданып, қабылданған. Оның ішінде еңбек дауларын шешу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, цифрлық активтер, сондай-ақ Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар қаралған.

Мәулен Әшімбаевтың мәліметі бойынша қазіргі уақытта Сенатта Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген маңызды заң жобалары қаралып жатыр. Атап айтқанда, алдағы кезеңде 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылауды, Әлеуметтік кодексті, сондай-ақ әкімшілік реформа, адам құқықтары және азаптаулардың алдын алу, мемлекеттік қызмет мәселелеріне қатысты заң жобаларын қарастыру жоспарланып отыр.

Президентке палатаның сот жүйесін реформалау және процессуалды заңнаманы жетілдіру жұмыстары туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Сенатта жұмыс тобы құрылған. Бұл топ 60-тан астам отырыс өткізіп, 350-ге жуық ұсыныс жинаған. Аталған жұмыстың нәтижесінде екі заң жобасы әзірленді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Сенат жұмысындағы өңірлік күн тәртібін нығайтуға, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің идеяларын ілгерілетуге бағытталған іс-шаралар таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыда кешенді дамыту жөніндегі реформаларды одан әрі қолдауға бағытталған заңнамалық қызметті жалғастыру қажет екенін атап өтті.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады

2026 жылғы 07 шілде

Президент Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 08 шілде

Қ.Б. Жайсанбаев туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің