National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

2023 жылғы 26 қаңтар

Президентке заң үстемдігін қамтамасыз етуге және сот төрелігінің сапасын арттыруға бағытталған сот реформасының жүзеге асырылу барысы туралы  мәлімет берілді.

Жоғарғы Сот төрағасы реформа жөніндегі ұсыныстардың шұғыл шаралар, заңнамалық бастамалар және ұзақмерзімді міндеттер секілді үш топқа бөлінетінін атап өтті.

Шұғыл шаралар аясында міндетті түрде оффлайн өткізілуге тиіс процестер үшін сот залдарын ашу, сондай-ақ анағұрлым шетін салалар бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын жаңарту мәселелері жоспарланған.

Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, істі сотқа дейінгі қарау сатысына тиімді сот бақылауын енгізу, мемлекеттік сатып алу, салық салу және жеке сот орындаушыларының қызметі салаларында әкімшілік істердің қаралу мерзімін қысқарту мәселелері заңнамалық бастамаларға жатады.

Ұзақмерзімді жұмыс тәртібінде кешенді заңнамалық және ұйымдастыру шараларын әзірлеу қарастырылған. Қазіргі уақытта  Парламент қарауында екі заң жобасы жатыр. Олар сот төрағаларын сайлау арқылы таңдау тәртібін енгізуге, күштік құрылымдардың судьяларға қысым жасау жолдарын жоюға, Жоғарғы сот кеңесінің құзыретін күшейтуге және ювенальді соттардың қарауына жататын істердің аясын кеңейтуге бағытталған.

Бұдан бөлек, қылмыстық процесте тараптардың жарыспалылығы қағидатын қамтамасыз етуге және заңды өрескел бұзғаны үшін судьяларды жауапкершілікке тарту механизмдеріне қатысты ұсыныстар әзірленіп жатыр.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы сот жүйесін одан әрі жетілдіру шараларын сапалы жүзеге асыру қажет екеніне назар аударды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 08 шілде

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты

2026 жылғы 01 тамыз

Орталық Азия мемлекеттерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты

Жарлық

2026 жылғы 22 шілде

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің