National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валоваямен кездесті

2021 жылғы 29 қараша

Швейцария, Женева қаласы

Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды. Пандемияға қарсы күрес, аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша күш-жігер жұмылдыру мәселелеріне баса мән берілді.

Президент Қазақстанда пандемияға қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ ДДСҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясында коронавирустың жаңа штаммдарына бірлесіп қарсы тұру үшін басқа елдерге үндеу тастағанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы мультилатерализм жүйесінің негізі болып қала беретінін атап өтті. Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап дүниежүзілік ұйымның қағидаттарына, мақсаттары мен міндеттеріне бейілді болды және солай бола береді.

Мемлекет басшысы Қазақстанның ядролық қарусыздануға және жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайтуға елеулі үлес қосатынын және осы жұмыстарды жалғастыра беретінін жеткізді.

Кездесуде Орталық Азиядағы ахуал, Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ Миссиясын (UNAMA) Алматыда орналастыру мәселесі, Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ-ның өңірлік орталығын өз аумағында құру жөніндегі Қазақстанның бастамасы талқыланды.

Әңгімелесу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар, адам құқықтары мен бостандығы, гендерлік мәселелер сөз болды.

Татьяна Валовая Мемлекет басшысын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, еліміздің осы уақыт аралығында елеулі жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2011-2013 жылдары өзі басқарған БҰҰ-ның Женева бөлімшесіндегі ұжымының ыстық сәлемін және ізгі тілектерін жеткізді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 05 қараша

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

2026 жылғы 10 қараша

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Жарлық

2026 жылғы 03 қараша

Ә.Ж. Жанасова туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің