National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гормен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті

2025 жылғы 29 қазан

 

Кездесуде Вашингтонда өтетін С5+1 саммиті қарсаңында қазақ-америка кеңейтілген стратегиялық серіктестігін дамыту перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың С5+1 саммитіне арнайы шақырғаны үшін алғыс айтты.

Президент алдағы жоғары деңгейдегі кездесу ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың басты бағыттарын айқындау тұрғысынан нәтижелі болатынына сенім білдірді. Қазақстан Америкамен сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікке тың серпін беруге мүдделі.

Мемлекет басшысы еліміздің АҚШ Президенті жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты қолдайтынын жеткізді. Осы орайда Дональд Трамптың бейбітшілікті нығайтуға және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

Қазақстан Президенті жаһандық үдерістердегі Орталық Азияның рөлі артып келе жатқанына тоқталды. Аймақ елдері бұрын-соңды болмаған бірліктің үлгісін, тату көршілік пен ортақ прогреске деген ұмытылысын көрсетіп отыр.

Өз кезегінде Серджио Гор Қасым-Жомарт Тоқаевқа Америка Президентінің сәлемін жеткізді. Ол АҚШ сыртқы саясатындағы Орталық Азия өңірінің стратегиялық маңызын растады. Оның пікірінше, Вашингтонда өтетін алдағы кездесу екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді.

Әңгімелесу барысында энергетика, аса маңызды минералдар, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы өзара тиімді серіктестіктің әлеуеті қарастырылды.

Бұдан бөлек, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге назар аударылды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

2026 жылғы 03 сәуір

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің