National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік хатшы Франция сенаторларымен кездесті

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин «Франция – Орталық Азия» парламенттік достық тобының төрағасы Эрвэ Морэ бастаған Франция Сенатының делегациясымен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалын және стратегиялық әріптестіктің даму перспективаларын, оның ішінде парламентаралық деңгейдегі қарым-қатынасты оң бағалады.

Ерлан Қарин француз сенаторларына 5 маусым күні референдумға шығарылып отырған конституциялық реформалардың мәні мен маңызы туралы айтты.

Франциялық делегацияның жетекшісі Э.Морэ Қазақстанда іске асырылып жатқан саяси жаңғырту бағдарламасының ауқымы кең екенін атап өтті.

Кездесуде тараптар халықаралық және өңірлік деңгейдегі бірқатар мәселе бойынша пікір алмасты.

 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

2026 жылғы 12 қаңтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы