National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Орталық Азия – Қытай» гуманитарлық форумына қатысты

 

 

Астанада «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті аясында өтіп жатқан гуманитарлық форумның жұмысы басталды.

Іс-шараны бас директоры Шэнь Хайсюн мырза бастаған Қытай Медиакорпорациясы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені ұйымдастырды. Форум жұмысына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің мемлекеттік органдары мен жетекші медиақұрылымдарының басшылары қатысты.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

«Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық тату көршілік және мәңгі достық рухында дамып келеді. Тереңнен тамыр тартатын шынайы серіктестігіміз бүгінде стратегиялық сипат алып, мүлде жаңа деңгейге көтерілді. Мәдениет – халықтар мен өркениеттерді жалғайтын алтын көпір. Екі елдің бірлігін бекемдеу жолында мәдени-гуманитарлық байланыстар айрықша рөл атқарады. Сондықтан біз, осы бағыттағы өзара ынтымақтастығымызды күшейтуге ерекше мән береміз», – делінген хатта.

Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда жүзеге асырылып жатқан маңызды реформаларға тоқталды.

Ерлан Қарин аталған форум Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы